1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2023 жылғы 02 қарашада Түркістан қаласында, RIXOS TURKESTAN мәжіліс залында Облыстық клиникалық ауруханасының  155 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция тақырыбы "Ғасырлық дәстүрлер мен жаңа технологиялар-пациенттердің денсаулығы мен сеніміне апаратын жол".

Конференцияға қатысушылар мен қонақтарға Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.М.Байдувалиев, Облыстық клиникалық ауруханасының басшысы Ж.Б.Дильдабеков құттықтау сөз сөйледі.    Облыстық клиникалық ауруханасының қалыптасу тарихы туралы бейнефильм көрсетілді.  

Конференцияда бейіндік қызметтер бойынша бас штаттан тыс мамандардың баяндамалары – құрылу тарихы, даму жолдары, жетістіктері ұсынылды. Конференцияны өткізудің мақсаты-тиімді пәнаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету және мамандар арасында тәжірибе алмасу, халықтың денсаулығын сақтауға ықпал ететін жаңа медициналық білім мен технологияларды әзірлеу және нақты клиникалық практикаға енгізу бойынша өз жетістіктерінің нәтижелерін ұсыну, ең бастысы - одан әрі дамудың маңызды жолдарын белгілеу.

Үздік дәрігерлерді марапаттау рәсімі өтті.

2023 жылғы 03 қарашада Шымкент қаласында конференция өз жұмысын Облыстық клиникалық ауруханасында және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жалғастырды.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту