1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде МӘМС-ті түсіндіру бойынша жұмыстар-жалғасуда

Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде МӘМС-ті түсіндіру бойынша жұмыстар-жалғасуда

2019 жылдың 11 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының  мамандары №68 мектеп-гимназиясының қызметкерлері мен ұстаздарына МӘМС жүйесін енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Семинар барысында спикерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі тезистеріне, сондай-ақ артықшылықтарына тоқталды. Қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.  Сонымен қатар буклеттер түрінде ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту