1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Нұр-Сұлтан қаласында еріктілердің фронт-кеңсесінің ашылуы

Нұр-Сұлтан қаласында еріктілердің фронт-кеңсесінің ашылуы


2020 жылдың 12 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында еріктілердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер жылы аясында республикалық фронт-кеңсесін ресми түрде іске қосты. Фронт-кеңсенің ашылу барысында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформаның, сондай-ақ волонтерлықтың 7 салалық бағыттары бойынша: «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Salyq» алаңдарының жұмысы таныстырылды.

Осы іс-шараға Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығы белсенді қатысты. Орталық директоры ҚР ДСМ «Saúlyq» диалог алаңында «АИТВ-инфекциясының алдын алу бағдарламаларын іске асырудағы аутрич-жұмыстың рөлі» тақырыбында волонтерлер алдында сөз сөйледі. Волонтерлер алдында сөз сөйлеген Сабит Абдраимов волонтерлер АИТВ/ЖИТС туралы ақпаратты тарататынын, құрдастарын мінез-құлқының анағұрлым қауіпсіз болуына ынталандыратынын, оларды қиын өмірлік жағдайлармен күресуге және ересектерден әлдеқайда жақсы, тең дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, қауіпті жағдайдан қалай аулақ болу керектігін үйрететінін атап өтті. 

Сонымен қатар, дәрігерлер еріктілерге ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын, атап айтқанда паллиативтік көмек, репродуктивті денсаулықты қорғау, АИТВ және ЖЖБИ алдын алуды атап өтті.


Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту