1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Нұр-Сұлтан қаласында АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша Жастар форумы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша Жастар форумы өтті


2021 жылғы 24 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының  ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Менеджмент, бизнес және білім колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Жастар форумын өткізді.  

Форумға Нұр-Сұлтан қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері мен «Жизнь вопреки» ҚҚ маманы қатысты. Қоғамдық қор тарапынан АИТВ-ның таралу жолдары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың басына түсетін қиындықтары, стигма мен дискриминациясы жөнінде айтып өтті. 

Форумға қатысушылар АИТВ туралы маңызды хабарламалар жасап, достарымен волонтерлік туралы білімдерімен, тәжірибесімен бөлісті. Форум барысында естелік сыйлықтар табысталатын викторина-ойыны ұйымдастырылды. 

Форумға 60 студент қатысып, АИТВ мәселелері бойынша кеңес алды.




Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту