1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Нұр-Сұлтан қаласына APMG Health сапары

Нұр-Сұлтан қаласына APMG Health сапары



2020 жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу Жаһандық қормен жасалған келісім-шарт аясында, Қазақстанда АИТВ және туберкулез бойынша ұлттық бағдарламаларды сыртқы бағалауды өткізу бойынша екі күндік сапармен «APMG Health» мамандары келді.

Сыртқы бағалаудың мақсаты Қазақстанда АИТВ-инфекциясының алдын алу бағдарламаларының қол жеткізілген прогресі, тұрақтылығы мен тиімділігін зерделеу болып табылады. 

Мамандар Орталықтың құрылымдық бөлімдерінің жұмысымен, 90-90-90 стратегиясын жүзеге асыру нәтижелерімен танысты, алдағы уақытта жұмысты жетілдіру үшін пікір мен тілектерімен алмасты. Сондай-ақ, сапар аясында «Болашаққа қадам», «Жизнь вопреки», «Жария «Халықаралық орталығы» және «Human Health Institute» ҮЕҰ-ға бару жоспарлануда.


Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту