1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Нұр-Сұлтан қ. «Астана Медицина университетінде» пікір-талас өтті

Нұр-Сұлтан қ. «Астана Медицина университетінде» пікір-талас өтті


2021 жылғы 24 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының «Астана Медицина университеті» КЕАҚ Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы шеңберінде стоматология факультетінің  2 курс студенттерінің командалары арасында «ЖИТС және қоғам» тақырыбында дебат өтті.

Студенттер АИТВ және ЖИТС-тың алдын алу, диагностикалау және емдеу саласындағы өзекті мәселелері бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Іс-шараның модераторлары қалалық ЖИТС орталығының мамандары, емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Ш. Сергалиева, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгеруші Ж. Айтмағанбетқызы және диагностикалық зертхананың дәрігер-лаборанты М.Е.Жакижанова болды.

Бұл іс-шара жастардың ақпараттық деңгейін, толеранттылығын арттыруға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жоюға бағытталған. Ең белсенді командаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара соңында ниет білдірушілер АИТВ - ға экспресс-тест тапсырып, ақпараттық материалдар (брошюралар, парақшалар) алды.


Debates were held at the "Astana Medical University " of Nur-Sultan

On November 24, 2021, in the NAO "Astana Medical University" of Nur-Sultan, within the framework of the World AIDS Campaign, a debate was held between teams of 2nd year students of the Faculty of Dentistry on the topic: "AIDS and society".
The students demonstrated good knowledge on topical issues in the field of prevention, diagnosis and treatment of HIV and AIDS. The event was moderated by specialists of the capital's AIDS Center, Head of the Treatment and Prevention department A.S.Sergalieva, Head of the organizational and methodological department  Zh.Aitmaganbetkyzy and the doctor of the laboratory assistant of the diagnostic laboratory M.E.Zhakizhanova.
This event is aimed at raising awareness among young people, tolerance and eliminating stigma and discrimination against people living with HIV. The most active teams were awarded memorable prizes.
At the end of the event, those who wished could take an express HIV test and receive information material (brochures, leaflets).


Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту