1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Нұр-Султан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында акциялар жалғасуда

Нұр-Султан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында акциялар жалғасуда

2019 жылдың 12 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Астаналық» базарында келушілер мен қызметкерлерге арналған акция өтті. Іс-шараны ЖИТС орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының ТҚСҚББ өкілдерімен бірлесе отырып ұйымдастырып, өткізді. 

Акция барысында ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, стигма мен кемсітушілік тақырыптарын қозғады. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. 

Акцияға қатысушылар АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтті, ақпараттық буклеттер, үнпарақтар таратылды.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту