1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. «Нұрлы жол» теміржол вокзалы «Теңдік уақыты!» акциясын қолдады

«Нұрлы жол» теміржол вокзалы «Теңдік уақыты!» акциясын қолдады


 2022 жылғы 25 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында «Нұрлы жол» теміржол вокзалында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «Теңдік уақыты!» атты кең ауқымды акциясы өтті.

«Бүгінгі күні Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні әлі де өзінің  өзектілігін сақтайды, себебі АИТВ бойынша алдын алу және қызметтерге қолжетімділік мәселелерінде проблемалар бар. Осыған байланысты, халықтың АИТВ туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын, АИТВ-ға тестілеудің және оң мәртебесін білу маңыздылығын, стигма мен кемсітушілікті жоюдың және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың маңыздылығын тағы да атап өткім келеді», - деп атап өтті ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж. Айтмағанбетқызы.

Акция барысында барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтуге және қысқа уақыт ішінде АИТВ-ның мәртебесін білуге, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша кеңес алуға мүмкіндік алды.




Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту