Неврология бөлімшесі


Түркістан облысының неврологиялық қызметінің тарихы өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан басталады. Қызметтің негізін ұйымдастырушының бірі танымал невролог,  профессор Борис Гехт болса,  ал  неврология бөлімшесінің құрудың бастамашы  - медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері, жоғары санатты дәрігер Анна Волохова. Оның бастамасымен облыстық ауруханада 60 төсектік неврология бөлімшесі ашылды, ол бүгінгі күні жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта бөлімшеде созылмалы   ми  қан тамыр қызметі  бұзылған,  инсульттен кейінгі   салдармен, Паркинсон, миастения  және  шашыранды  склероз аурумен   ауыратын   науқастар  медициналық  ем  қабылдайды. Инсульттан кейінгі науқастар мен жүйке жүйесінің түрлі ауруларымен ауыратын науқастарға арналған неврология бөлімшесінің базасында оңалту бөлімшесінде оңалту іс-шаралары қолданылады. Неврологиялық бөлімшенің барлық пациенттеріне білікті дәрігерлердің жоғары білікті диагностикалық, консультациялық, мамандандырылған көмегі көрсетіледі. 


Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту