1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. МСК медицина қызметкерлеріне арналған семинар тренинг

МСК медицина қызметкерлеріне арналған семинар тренинг


2022 жылғы 19 қазанда «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК ҮЕҰ-ға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, «Пациент мектебі» қызметін іске асыру бойынша, «Жизнь Вопреки» ҚҚ-мен бірлесіп, Астана қаласының АМСК медицина қызметкерлеріне арнап АИТВ-мен өмір сүретін адамды бақылау, емдеу және  стигма мен кемсітушілік құбылыстарын жою мәселелері бойынша семинар – тренингі өткізді. 

Іс-шараны директор орынбасары С.Мусина ашты, ол семинардың мақсаты туралы айтып, қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі. Одан әрі дәрігер-эпидемиолог З.Рахимбаева Астана қаласында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, нормативтік-құқықтық құжаттар, сондай-ақ бекітілген халықты АИТВ-ға клиникалық көрсеткіштер бойынша тексерумен қамту сұрақтарына тоқталды. Тренингті ЖИТС орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Серғалиева жалғастырды, ол қатысушыларға АИТВ/ВГ коинфекциясы бар науқастарды жүргізу ерекшеліктерін айтып берді. Тренингті «Жизнь Вопреки» ҚҚ директоры А.Мукушева АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік презентациясымен аяқтады.

Тренингке Астана қаласының АМСК мекемелерінің инфекционист дәрігерлері, терапевт және жалпы практикалы дәрігерлері қатысты.





Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту