1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Маймыл шешегінің алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша семинар

Маймыл шешегінің алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша семинар


2022 жылғы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК ДДСҰ материалдарын пайдала отырып,  медициналық қызметкерлермен маймыл шешегі вирусынан туындаған инфекцияның эпидемиологиясы, клиникасы және диагностикасы бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинардың мақсаты - маймыл шешегінің эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы бойынша қазіргі деректермен және эпидемияға қарсы іс-шаралармен танысу. Директорының орынбасары С.Мусина маймыл шешегінің клиникалық диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселесіне тоқтап кетті. Диагностикалық зертхана меңгерушісі Н.Хамитжанова өз баяндамасында маймыл шешегін зертханалық диагностикалауға назар аударды. 

Сондай-ақ семинарға қатысушылар ел аумағына жұқпалы аурудың әкелінуіне және таралуына жол бермеуге бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларды талқылады. 





Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту