1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. "Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ" АҚ мамандарының іс-сапары

"Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ" АҚ мамандарының іс-сапары


Өңірде ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында, мамандардың іс-сапарға шығу үшін бекітілген кестесі бойынша  Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасына М.О.Пашимов басқаратын "Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ" АҚ жетекші мамандарының бригадасы келді. Топ құрамында Ахыт Бағдат Әбдіқадырұлы - жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі, Тулеутаев Рустем Мұхтарович  – кардиохирургия бөлімшесінің басшысы, Дехканова Шахноз Тұрсынқызы - кардиолог дәрігері, Қасымбекова Салтанат Бейсеналиқызы – функционалдық диагностика дәрігері. Институт мамандары 2023жылдың 27-28 сәуір айында 200-ден астам пациентке консультациялық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту