1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. ЖИТС қалалық орталығы «Астана» республикалық радиосында

ЖИТС қалалық орталығы «Астана» республикалық радиосында

2019 жылдың 21 қарашасында «Астана» республикалық радиосында  «Әлеумет тынысы» хабарында «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұранымен өтетін ЖИТС-пен бүкіләлемдік күрес науқаны шеңберінде ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жанна Айтмағанбетқызы тікелей эфирде сөйледі. 

Хабар барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына акцияның мақсаты, АИТВ-инфекциясының алдын алу, елордадағы эпидемиологиялық жағдай, емдеу, АИТВ-ге тестілеу мақсаты, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері қысқаша баяндалды. Бағдарлама барысында радиотыңдармандар мен бағдарлама жүргізушісінің сұрақтарына жауап берілді.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту