1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиын өтті

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиын өтті


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейтін кезекті жиын №3 қалалық аурухана қызметкерлері арасында өтті.

Іс-шараға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, түрлі салалардағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әзірленген шараларға кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында Департаментпен қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге байланысты атқарылған жұмыстар таныстырылып, заңнамаға енгізілген жаңашылықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу мәселелері айтылды.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту