1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Елордалық «Әлем» сауда үйінде акция өтті

Елордалық «Әлем» сауда үйінде акция өтті

2023 жылдың 21 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Әлем» сауда үйінің келушілері мен қала тұрғындарына арналған акция өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары мен Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырып, өткізілді.

Шараның мақсаты - жұртшылықтың назарын АИТВ-ның таралу мәселесіне аудару. Мамандардың айтуынша, бүгінде біздің қаламызда вирусты таратудың жетекші жолы - қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы. Сондықтан уақытты кешіктірмей, АИТВ мәртебесін білу үшін АИТВ-ға тестіден өту керек. Экспресс-тест қанда АИТВ-ға қарсы антидененің болуын анықтайды. Тестілеу тегін жүргізіледі, бұл ретте жасырын және құпиялылық сақталады, - деп сендірді эпидемиолог дәрігер Д.Бексултанова.

Сауда үйіне келушілерге өздерін иммун тапшылығы вирусынан қалай сақтап қалуға болатыны туралы ақпараттық кітапшалар таратылды. Тілек білдірушілер осында, сауда үйінде АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтіп, консультация ала алады.




Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту