1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Елордалық орталық базарда акция өтті

Елордалық орталық базарда акция өтті

2023 жылғы 28 қарашада елордалық «Орталық базар» келушілеріне арналған АИТВ-ға экспресс-тестілеу бойынша акция өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырды. Акция 2023 жылдың 20 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өтіп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты - АИТВ-инфекциясының таралуы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне халықтың назарын аудару мүмкіндігі.

Акция барысында орталық мамандары АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары, тестілеудің маңыздылығы және өз АИТВ мәртебесін білу қажеттілігі туралы айтып өтті. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдарды таратылды. 



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту