1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Елордалық жолаушылар өздерінің мәртебесін білді

Елордалық жолаушылар өздерінің мәртебесін білді


2022 жылғы 23 қарашада елордалық «Астана теміржол вокзалы» жолаушылары мен келушілеріне арналған жедел тестілеу акциясы өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласының көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді. Акциялар Дүниежүзілік ЖИТС күніне қарсы  2022 жылдың 21 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өтуде.

Дәрігер-эпидемиолог Д.Бексұлтанова экспресс-тесттерді қолдану халықтың осал топтарын тестілеуге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл экспресс-тесттердің бірқатар артықшылықтары бар: нәтижені қысқа мерзімде алу, орындалуы мен түсіндіруге оңай, сақтау шарттарына минималды талаптар қойылады және жабдықты пайдалануды қажет етпейді.

АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша атқарылып жатырған акциялар тұрғындарды АИТВ мәселелері бойынша хабардар ету, сондай-ақ халық арасында АИТВ-инфекциясының таралуын азайту, өз денсаулығына, айналасындағы жақындарының денсаулығына қатысты жауапкершілікті арттыру мақсатында өткізіледі.




Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту