1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Елордалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы «SHALQAR» радиосында қонақта

Елордалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы «SHALQAR» радиосында қонақта

2023 жылдың 1 желтоқсанында «SHALQAR» радиосының «Жандауа» бағдарламасында тікелей эфирде «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ұранымен  өтіп жатқан  Дүниежүзілік  ЖИТС-пен  күрес күні» тақырыбында сұхбат өтті. 

Бағдарламаға ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жанна Айтмағанбетқызы және алдын алу бөлімінің меңгерушісі Саулебаев Ұлықбек Рахымжанұлы қатысып, сөз сөйледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына акцияның мақсаты, АИТВ-инфекциясының алдын алу, елордадағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-ны емдеу, тестілеу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері туралы айтылды. Бағдарлама барысында радио тыңдаушылар мен жетекші бағдарламаның сұрақтарына жауаптар берілді.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту