1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Денсаулық министрінің емханаға жұмыс сапары

Денсаулық министрінің емханаға жұмыс сапары


01.10.2021 жылы Денсаулық сақтау министрі А.В.Цой, С.Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының директоры К.Надыровпен және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Мұратовпен бірге Нұр-Сұлтан қаласының 5 қалалық емханасына жұмыс сапарымен келді. Министр алғашқы медициналық -санитарлық көмектің күнделікті жұмысымен танысты, екпе кабинеттерінің, мобильді топтардың, Call -орталықтың, оңалту бөлімінің, күндізгі стационардың жұмысын бағалады. Онкологиялық патологияны, жүрек -қан тамырлары ауруларының даму қаупін ерте анықтауға жастарға басқа да консультативтік көмек көрсетуді ұйымдастыруға бағытталған белсенді профилактикалық жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Қазіргі уақытта С.Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО орталығында медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысын жақсарту үшін жұмыс топтары ұйымдастырылды. Министр практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері дұрыс бағыттарды таңдау және халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелерін шешу процесіне тартылуы тиіс екенін атап өтті.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту