1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Бейбітшілік және келісім сарайында МӘМС-ті енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында семинар өтті

Бейбітшілік және келісім сарайында МӘМС-ті енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында семинар өтті



2020 жылдың 10 қаңтарында ЖИТС орталығының мамандары «Бейбітшілік және келісім сарайы» МКҚК қызметкерлері арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Іс-шара барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген Қазақстан Республикасындағы МӘМС жүйесі туралы, медициналық көмек көрсету пакеттерінің тізбесі, жеңілдігі бар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, жарналардың мөлшерлемесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ азаматтардың сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін қалай біле алатындығы туралы мағлұмат берді. 



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту