1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. "Бауыр ауруларының диагностикасы және ұтымды фармакотерапиясы" тақырыбында мастер-класс

"Бауыр ауруларының диагностикасы және ұтымды фармакотерапиясы" тақырыбында мастер-класс


2021 жылғы 24-26 қараша аралығында Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының базасында  А.Н. Сызғанов "Ұлттық хирургия ғылыми орталығы", гепатология орталығында "Бауыр ауруларының диагностикасы және ұтымды фармакотерапиясы" тақырыбында мастер-класс өткізіліп жатыр, мастер-классты м. ғ. к., Бас ғылыми қызметкер, гепатолог Ильясова Бибигуль Сапарбековна өткізеді. Мастер-класс инфекционист дәрігерлер, жалпы практика дәрігерлері, хирургтар, гастроэнтерологтар, онкологтар үшін ұйымдастырылған.

Облыстық клиникалық ауруханасында жүргізілетін "Бауыр ауруларының диагностикасы және ұтымды фармакотерапиясы" мастер-класс бағдарламасы - В вирустық гепатиті, дельта агенті бар В вирустық гепатиті, бауыр циррозы бар пациенттерге консультация жасай отырып, иммунологиялық және генетикалық зерттеулерге қан алу.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту