1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Астана қаласы жас ғалымдар және студенттер арасындағы XIV жыл сайынғы «Теңдік уақыты!» атты конференциясы өтті.

Астана қаласы жас ғалымдар және студенттер арасындағы XIV жыл сайынғы «Теңдік уақыты!» атты конференциясы өтті.


2022 жылғы 1 желтоқсанда "Астана медицина университеті" КЕҰ - да Жалпы медицина факультетінің 2-3 курс студенттері арасында «теңдік уақыты» ұранымен» «студенттер мен жас ғалымдардың XIV жыл сайынғы дәстүрлі конференциясы» өтті.

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының емдеу-профилактикалық көмек бөлімінің меңгерушісі Сергалиева Әлия Шуртанбайқызы «Астана қаласында АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың даму тенденциялары» тақырыбында баяндама жасап, жалпы медицина факультетінің 2-3 және 5 курс студенттерінің «АИТВ-ға АРТ-ға төзімділіктің заманауи аспектілері. Жасөспірімдегі АИТВ-инфекциясының клиникалық жағдайы» туралы студентердің баяндамалары тыңдалды.

Конференция АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жастардың хабардарлығын арттыру, олардың денсаулығына жауапкершілік және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту мақсатында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында өткізіледі. Іс-шара барысында әрбір ниет білдіруші АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту