1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Астана қаласының №4 қалалық емханасында «Ашық есік күні»

Астана қаласының №4 қалалық емханасында «Ашық есік күні»


2022 жылғы 21 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Астана қаласының №4 емханасында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері, «Рауан» жастар денсаулық орталығының қызметкерлері мен профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің медицина қызметкерлерімен бірлесіп,  «Өз мәртебеңді біл» ұранымен «Ашық есік күнін» өткізді.

ЖИТС орталығының дәрігерлері Астана қаласындағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайына, сондай-ақ осы іс-шараның маңыздылығына тоқталды. 

Аталмыш шарада емханада тіркелген тұрғындарға АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша  орталық дәрігерлерінен кеңес алу және АИТВ - ға жедел тестілеуден өту мүмкіндігі ұсынылды. Ал емхана тарапынан акцияға қатысқан тұрғындардың қандағы глюкоза, холестерин деңгейін анықтауға жедел тестілеу және қан қысымын өлшеуге мүмкіндігі болды.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту