1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Астана қаласының «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында ауқымды акция өтті

Астана қаласының «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында ауқымды акция өтті


2023 жылғы  24 маусымда  Халықаралық нашақорлыққа  қарсы күрес күні қарсаңында Астана қаласының «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында қонақтар мен қала тұрғындары үшін «Мықты отбасы - есірткіден алыс» деген атаумен ауқымды акциясы өткізілді. Іс шара «Право» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. Акцияға  «ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті», «Білім басқармасының» өкілдері, «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының»  мамандары, «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» қызметкерлері және «Санат әлемі» қоғамдық қорының үйлестірушілері қатысты.

Акция барысында қатысушылар АИТВ-ға тестілеуден өтті және АИТВ-инфекциясы туралы кеңес алды. Сондай-ақ орталық мамандары АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты толеранттылық, кемсітушілікке жол бермеу, стигма туралы тоқталып өтті.

Шараға қатысушы елордалық колледж студенттері саксофонда музыкалық композициялар мен әндер орындады, сондай-ақ осы тақырып бойынша үздік сурет байқауы өткізілді. Үздік туындылар «Право» ҚҚ грамоталарымен марапатталды.





Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту