1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. «Астана, тестілеуден өт!» акциясы

«Астана, тестілеуден өт!» акциясы

2023 жылғы 23 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ студенттері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша «Астана, тестілеуден өт» акциясы өтті.

Акция барысында кез келген студент университет аумағындағы мобильді жылжымалы пунктте АИТВ-ға тегін және жасырын экспресс-тестілеуден өтіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кеңес ала алады.

Бұл акция АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жастардың назарын аударуға және ақпараттандыруға, АИТВ-ға тестілеуден өтуге ынталандыруға, сондай-ақ АИТВ-ға оң адамдарды кемсіту мен стигматизациялауды төмендетуге бағытталған.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту