1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. Астанада «Бәйтерек» пен «Ханшатыр» ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды

Астанада «Бәйтерек» пен «Ханшатыр» ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды


Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында елорда әкімдігінің қолдауымен, Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бастамасымен 2023 жылғы 21 мамырда кешк3 уақытта «Бәйтерек» монументі мен «Ханшатыр» СОО ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды. Бұл 40 жылға жуық уақыт бұрын ЖИТС індетімен күресудің символы ретінде таңдалған қызыл лента, бүкіл әлемде АИТВ індетінен зардап шеккен адамдарға қолдау мен ынтымақтастықтың тұрақты символына айналды. Сондай - ақ, осы күндері елорданың биік ғимараттарының бірі – «Қазақстан темір жолы» АҚ ғимаратында тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында АИТВ-ның алдын алу шаралары бойынша бейнероликтер көрсетілді. ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күнінің басты шақыруы халықтың назарын АИТВ-ның алдын алу мәселелеріне аудару, стигманы жою, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу, антиретровирустық емдеу мен медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейту болып табылады.


«Baiterek» and «Khanshatyr» building were illuminated in red in Astana

As part of the World Day of Remembrance of People who Died of AIDS on the initiative of the Center for HIV Prevention in Astana with the support of the Mayor's Office of the capital, in the evening, on May 21, 2023, the monument «Baiterek»  and the building of the shopping center «Khanshatyr»  were illuminated in red. The red ribbon, chosen about 40 years ago as a symbol of the fight against AIDS, has become a permanent symbol of support and solidarity with people affected by the HIV epidemic around the world. Also, these days, videos on HIV prevention measures were broadcast on one of the tall buildings of the capital - the building of Kazakhstan Temir Zholy JSC in order to raise awareness of residents. The main appeal of the Day of Remembrance of People who Died of AIDS is to draw the attention of the population to the issues of HIV prevention, elimination of stigma, non-discrimination of people living with HIV, as well as expanding access to antiretroviral treatment and medical care




Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту