1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. АИТВ-ға жедел тест қою техникасы бойынша семинар

АИТВ-ға жедел тест қою техникасы бойынша семинар


2023 жылдың 31 наурызында "АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы" МКҚК базасында диагностикалық зертхана эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, профилактикалық, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімдердің мамандары үшін, "АИТВ-ға тестілеу (капиллярлық қанды алу,  және тестілеу нәтижесін түсіндіру)" тақырыбында консультациялық-әдістемелік көмек көрсету нәтижелері бойынша ескертулерді жою және ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде семинар өткізілді. 

Семинарда зертхана  меңгерушісінің м.а. А. Б. Абенова және зертханашылар А. С. Сабитова, А.У.Канапиянов сөз сөйледі.

Семинар қатысушыларына АИТВ-ға жедел тесттерге, ЭТ түрлері және оған шолу, капиллярлық қан алу техникасын оқыту, АИТВ-ға жедел тест нәтижелерін түсіндіріліп  көрсетілді.

Оқыту барысында АИТВ-ға жедел тест қою бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Семинар сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды.

Семинарға 27 медицина қызметкері қатысты.




Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту