1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша үздік ұранға конкурс өтті

АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша үздік ұранға конкурс өтті

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Астана қаласының «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» «Астана медицина университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп, 2023 жылғы 27-29 қараша аралығында АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған үздік ұранға конкурс жариялады.

Байқау Астана медицина университетінің студенттері арасында @amu_mua_official АМУ ресми парақшасында өтті. Қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған және жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыратын өз ұрандарын ұсыну қажет болды.

Байқау қорытындысы мен қазылар алқасының шешімі бойынша ең үздік ұранның авторы Адия Үйсімбаева @a.uisimbaeva «Өмірге-Иә! АИТВ-жоқ! Анықтаудың жалғыз жолы-тест тапсыру!» ұранымен жеңімпаз атанып, естелік сыйлыққа ие болды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға қызығушылық пен белсенділік танытқандары үшін алғыс айтып, барлығына табыс пен жаңа жеңістер тіледі!


Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту