1. Басты
  2. Жаңалықтар
  3. Информация, новости клиник
  4. АИТВ-инфекциясының алдын алуға қосқан үлесі үшін үздік материалдар атап өтілді.

АИТВ-инфекциясының алдын алуға қосқан үлесі үшін үздік материалдар атап өтілді.


17.11.2020ж. Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанының іс-шараларының жалғасы ретінде, тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттандыру ісіне белсенді қатысқан БАҚ қызметкерлерін марапаттау өтті. «Еуразия» бірінші арнасының журналисі Өтепқалиев Ержан, «BAQ.kz» ақпараттық порталының тілшісі Тілеуова Рахила және «Orda FM» радиосының жүргізушісі Төлепберген Майра құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 


ЖИТС орталығының директоры Сабит Бекмағанбетұлы Абдраимов журналистерге АИТВ-инфекциясы мәселелерін жария етуде көрсеткен қолдауы мен ынтымақтастығы үшін, 2020 жыл бойы белсенді жалпы жұмысы үшін алғысын білдіріп, одан әрі табысты ынтымақтастыққа үмітін білдірді. Жалпы ағымдағы жылы БАҚ-та АИТВ-инфекциясы және ЖИТС орталығының қызметі мәселелері бойынша 110 материал жарияланды.



Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар
Барлық бөлімдер
Өту