Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Астана қаласына іс-сапар аясында Йель жаһандық денсаулық институтының эпидемиология және фармакология профессоры Роберт Хеймер және «Назарбаев Университеті» Медицина мектебінің профессоры Сайед Әли Астана қаласының «Жизнь вопреки», «Шаг в будущее», «Human Health Institute» ЖИТС-сервистік үкіметтік емес ұйымдарына барды.
Қонақтар ҮЕҰ жұмысымен танысып, халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның таралуын азайту шараларын талқылады. Профессор Роберт Хеймер Вьетнамда, АҚШ-та және Ресейде жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Профессор Сайед Әли «Hot spots of HIV infection in Kazakhstan» жобасын іске қосу жоспарымен таныстырды.
Іс-шара соңында қатысушылар одан әрі ынтымақтастық туралы келісті.

