Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Неге жүктіліктің БАСТАПҚЫ кезеңінде ЕСЕПКЕ ТҰРУ өте маңызды?
Қай ана сау баланы дүниеге әкелгісі келмейді? Бұл сұраққа жауап іздеудің қажеті жоқ. Өйткені жүктілік - бұл әр әйелдің өміріндегі маңызды кезең, ағзада болашақ сәби денсаулығының іргетасы қаланатын уақыт.
Әйелдерді жүктіліктің ерте кезеңінен бастап акушер-гинеколог бақылап, мамандардың барлық ұсыныстарын орындаған кезде, жүктіліктің қолайсыз нәтижесінің деңгейі кешірек мерзімде есепке тұрған әйелдерге қарағанда әлдеқайда төмен болады - дейді "Аман саулық Атырау" отбасылық денсаулық орталығының акушер-гинекологы Лайла Толеуханова.
Дәрігердің қабылдауына жазылу мен кеңес алу тегін!