Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Жылдың алғашқы жаз айының келуімен еліміздің болашағы - жас ұрпақты сүюге, қамқорлық жасауға және қорғауға шақыратын ерекше мереке - Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтеді.
Кәсіпорын қызметкерлерінің балалары мен немерелері арасында «Көңілді әндер мен билер» online шығармашылық байқауы өткізілді. Байқауға 3 жастан 14 жасқа дейін 15 бүлдіршін қатысты. Нақты қолданушылардан ең көп лайк жинаған қатысушылар конкурс жеңімпаздары болып танылды.
1 орынды Нұрлыбаева Айлин
2 орынды Сметова Жасмин
3 орынды Асқар Ясмина иеленді.
Барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді. Іс-шара соңында көңілді ойындар ұйымдастырылды.
Арнайы білімді қажет ететін және көпбалалы қызметкерлер ұйым атынан ерекше аталып өтті.
Соңында айтқымыз келгені: Әр баланың балалық шағы мүмкіндігінше еш уайымсыз, көңілді және қуанышты болып қала берсін! Балаларымыздың өмір сүру сапасы жыл сайын жақсара берсін.
