Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
«№5 қалалық емхана» карантин шараларын сақтай отыра, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған «Мен Қазақстанның патриотымын!» атты мерекелік іс-шарасын өткізді. Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, емхана директоры А.Ж.Табулдина Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған мерекемен құттықтады.
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
#Мемлекеттікрәміздеркүні
#МенҚазақстанныңпатриотымын
#ЯпатриотКазахстан
#Меніңрәміздерімменіңмақтанышым