Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Сарысу аудандық орталық ауруханасында реаниматолог дәрігер Дәурен Ермекұлының жетекшілігімен орта буын медицина қызметкерлеріне арналған «Синий код» (Code Blue) бойынша оқыту сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты — науқаста жүрек немесе тыныс алу тоқтаған жағдайда алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету, шұғыл әрекет ету алгоритмін меңгерту және реанимациялық шараларды дер кезінде бастаудың маңыздылығын түсіндіру. Оқыту барысында қызметкерлерге теориялық ақпарат беріліп, практикалық жаттығулар жүргізілді. Іс-шара медицина мамандарының біліктілігін арттыруға және шұғыл жағдайларда үйлесімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
