Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Халықаралық жүрек күні Астана №5 емхана
2018 жылдың 24 қыркүйегінде №5 емханада Дүниежүзілік жүрек күніне арналған ашық есік күні өтті. Емхананың қызметкерлері пациентерге кеңес берді.
Әр адам медициналық тексеруден өтті: бойының ұзындығы мен салмағын өлшеу, дене салмағының индексін есептеу, қан қысымын өлшеу, жылдам тестілеу арқылы холестеринді және глюкозаны анықтау.
Іс-шара жүрек-қан тамырлары ауруларының мәселесіне қатысушылардың назарын аударуға арналған сауықтыру және спорттық жаттығулармен толтырылады: фитнес жаттығулары, салауатты өмір салтына арналған викториналар, скандинавиялық серуендеу және төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету шебер-сыныптары.