Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Шардара аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінде 1959 жылғы қала тұрғынына «Өңештің кеңейген тамырларына эндоскопия жолымен байлау» операциясы сәтті жүргізілді. Бұл өз кезегінде науқаста қан кетулер болуын алдын алады. Операцияны аурухананың хирург, эндоскопист дәрігері О.Джаббаров жүргізді. Ота сәтті аяқталып, науқас бөлімшеге ауыстырылды. Алдағы уақытта жедел көрсеткіштерімен келген науқастарға, сонымен қатар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» аясында тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Отаны жүргізген аурухананың хирургия бөлімі дәрігерлерінің жұмысына сәттілік тілейміз.