Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Өңірде ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында, мамандардың іс-сапарға шығу үшін бекітілген кестесі бойынша Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасына М.О.Пашимов басқаратын "Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ" АҚ жетекші мамандарының бригадасы келді. Топ құрамында Ахыт Бағдат Әбдіқадырұлы - жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі, Тулеутаев Рустем Мұхтарович – кардиохирургия бөлімшесінің басшысы, Дехканова Шахноз Тұрсынқызы - кардиолог дәрігері, Қасымбекова Салтанат Бейсеналиқызы – функционалдық диагностика дәрігері. Институт мамандары 2023жылдың 27-28 сәуір айында 200-ден астам пациентке консультациялық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

