Профессиональный аккаунт
У вас пока нет действующего кабинета в МИС "МедЭлемент". Создать кабинет частной практики?
Сарысу аудандық орталық ауруханасы мен ауылдық емханалар құрамына жас мамандардың келуімен толықты. 2025 жылдың 20 тамызынан бастап қызметке кіріскен дәрігерлердің қатарында окулист пен травматолог мамандар бар, олар – ерлі-зайыпты жас дәрігерлер. Сонымен қатар, радиолог дәрігер мен Саудакент ауылдық емханасына жалпы тәжірибелі дәрігер болып қабылданған маман да өз қызметін бастады. Бұл жаңару ұжымға серпін беріп, медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде. Жас мамандарға зор табыс пен сәттілік тілейміз!


