Құрметті достар, әріптестер, серіктестер! Біз Medelement.kz дәрігерлер мен емханалар  іздеу қызметін қазақ тілінде іске қосылуын қуана хабарлаймыз. Бұл Қазақстандағы алғашқы осындай жоба және оны біздің команда жүзеге асырғанына өте қуаныштымыз.
Қазақ нұсқасында орналасқан жері, қызметтері, мамандығы бойынша медициналық мекемелерді іздеу функцияларымен толыққанды интерфейс бар. Medelement.kz сервисінде сіз Қазақстанның барлық аймақтарында дәрігер, емхана, медициналық орталықты тез арада таба аласыз.



P.S. Қазір жобаның пилоттық нұсқасы іске қосылды. Интерфейсте қателерді байқасаңыз, бізге жазыңыз. Біз бәрін тез түзетуге тырысамыз.

Осы бөлімдегі басқа жаңалықтар